Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығы
(2016.23.11 берілген өзерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.17.03. № 201 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ұлттық бірыңғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.23.11. № 669 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.17.03. № 201 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: