«Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 531 бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 531 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесінің 16-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға наряд беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5409 тіркелген, «Заң газеті» газеті 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1423) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

В. Божко

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2011 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 531 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.