Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 16 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.