«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына езгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1637 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 244-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген каулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 -2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
001 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасында:
«2011» деген бағанда:
«Орталық аппараттың және ведомстволардың қызметкерлерін ұстау» деген жолдағы «126» деген сандар «136» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «788600» деген сандар «776812» деген сандармен ауыстырылсын;
024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасында:
«2011» деген бағанда:
«Аяқталған инвестициялык жобалар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемі» деген жолдағы «79,2» деген сандар «75,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жалғастырылатын инвестициялық жобалар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемі» деген жолдағы «20,8» деген сандар «24,2» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «13562642» деген сандар «14179942» деген сандармен ауыстырылсын;