«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген) (2014.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 17 қаңтардағы

№ 87 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары

(2014.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидалар:

1) құрылысқа жер учаскесін таңдау;

2) жобалау, салу, қайта жаңарту;

3) үй-жайларды және жабдықтарды күтіп-ұстау;

4) медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму;

5) науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ медицина персоналының еңбек жағдайлары;

6) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу және дезинфекциялауды жүргізу;

7) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 450 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) антисептик - микробтарды жою мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған микробқа қарсы химиялық агент;

2) антисептика - емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;

3) асептикалық режим - микробтардың жараға түсуінің алдын алатын санитариялық-техникалық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар кешені;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.