Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы
лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет
елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 32-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдар тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестірілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.