«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1648 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 240-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Көлік-коммуникация кешенін дамытудың озыңқы қарқынына қол жеткізу» деген 1.1-мақсат:
мына:
«
1. 2015 жылға қарай көлік бойынша жалпы қосылған құнның 63%-ға өсуіне қол жеткізу үшін көлік-коммуникация кешенінің негізгі көрсеткіштерін ұлғайту | стат. деректер | % | 7,9 | 16,2 | 24,7 | 33,5 | 43,6 | 54,7 | 64,3 |
- жүк тасымалдары | стат. деректер | млн. тонна | 1 939,2 | 1 968,5 | 1 987,7 | 2 064,7 | 2 136,9 | 2 222,4 | 2 343,5 |
- жолаушылар тасымалдары | стат. деректер | млн. адам | 11 798,9 | 11 861,6 | 11 984,5 | 12 162,3 | 12 587,9 | 13 091,5 | 13 651,4 |
- жүк айналымы | стат. деректер | млрд. т-км | 262,7 | 267,2 | 278,3 | 278,0 | 278,8 | 299,3 | 314,7 |
- жолаушылар айналымы | стат. деректер | млрд. ж-км | 130,5 | 132,5 | 135,9 | 142,5 | 147,5 | 153,4 | 161,6 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. 2015 жылға қарай көлік бойынша жалпы қосылған құнның 63%-ға өсуіне қол жеткізу үшін көлік-коммуникация кешенінің негізгі көрсеткіштерін 2009 жылғы деңгейге ұлғайту | стат. деректер | % | 7,9 | 24,0 | 32,6 | 42,6 | 52,9 | 65,1 | 77,8 |
- жүк тасымалдары | стат. деректер | млн. тонна | 1 939,2 | 2 243,1 | 2 349,2 | 2 468,4 | 2 583,1 | 2 704,2 | 2 826,1 |