«Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/6 «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № С-55/5 шешімі (күші жойылды)

Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/6 «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № С-55/5 шешімі

 

Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 06-02/109а Хатымен күші жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 104 бабының 5 тармағына және 106 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-160 тіркелген, 2012 жылғы 5 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және 2012 жылғы 5 қаңтарда «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

1) кірістер - 13 757 197,9 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 7 439 923 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 65 279 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 423 926,9 мың теңге;

трансферттік түсімдер - 5 828 069 мың теңге.

2) шығындар - 14 699 219,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру- 2 837 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 157 513 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 154 676 мың теңге;

4) қаржылық активтерімен операциялары бойынша сальдо - 30 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржылық активтерін сатып алу - 30 000 мың теңге;

5) бюджеттік тапшылық - - 974 858,9 мың теңге;

6) бюджеттік тапшылығын қаржыландыру - 974 858,9 мың теңге.

1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес 6 қосымшамен толықтырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.