2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/6 шешімі
Осы редакция 2012 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының, 1 тармағының 1) тармақшасына, Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 4C-39-2 шешіміне сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 13 864 525 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 7 439 923 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 65 279 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 531 254 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 5 828 069 мың теңге.
2) шығындар - 14 213 335 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -147 395 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 7 281 мың теңге
бюджеттік кредиттерді өтеу - 154 676 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялары бойынша сальдо - 30 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерін сатып алу - 30 000 мың теңге;
5) бюджеттік тапшылық - -231 415 мың теңге;
6) бюджеттік тапшылығын қаржыландыру - 231 415 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 52 бабы 1 тармағына, Ақмола облысы мәслихатының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 4C-39-2 шешіміне сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:
1) облыс бюджетіне төлеу көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) облыстық бюджетке төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100%;
3) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%.