«Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 17 қаңтардағы

№ 93 қаулысымен бекітілген

 

 

«Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын өндірістік объектілерді (бұдан әрі - объект) жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді.

Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып өнеркәсіптік алаң сыртында пайда болатын ластану деңгейлері рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі - РЕШШ) және/немесе рұқсат етілген шекті деңгейден (бұдан әрі - РЕШД) 0,1-ден асатын объектілер болып табылады, осындай объектілер үшін санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасы өнеркәсіптік шекарамен сәйкес келуі мүмкін.

2. Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға мыналар:

1) санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдерін белгілеуге қойылатын талаптар;

2) санитариялық-қорғаныш аймағын жобалауға қойылатын талаптар;

3) санитариялық-қорғаныш аймағы аумағының режіміне қойылатын талаптар кіреді.

3. Қызметі атом энергиясын пайдалануға байланысты объектілерге осы талаптар қолданылмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.