«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысымен бекітілген) (2013.29.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2012 жылғы

18 қаңтардағы

№ 104 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары

(2013.29.03. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау көздерін ластанудан қорғауға, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарының шекараларын айқындауға, ауыз судың сапасына, сумен жабдықтау және кәріздеу құрылыстарына, суды дезинфекциялауға, жабық және ашық жылумен жабдықтау жүйелеріндегі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауға, ыстық сумен жабдықтаудың бөлек желілері бар жылы сумен жабдықтау жүйесіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидалар сумен жабдықтау объектілеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері), орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына қолданылады.

3. Осы Санитариялық қағидалар қызметі сумен жабдықтау объектілерін жобалаумен, салумен, қайта жаңартумен, оларды күтіп-ұстаумен және пайдаланумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

ҚР Үкіметінің 2013.29.03. № 307 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4.Осы Санитариялық қағидадалар мынадай анықтамалар пайдаланылды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.