Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2019 жылғы 17 тамыздағы № 120 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат, 2010 ж., № 38, 324-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері бекітілсін.»;