Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы
(2010.12.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және олардың аттестаттаудан өту ережелері бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.