«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 36 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 36 бұйрығы

 

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

бюджет түсімдерінің сыныптамасында:

2 «Салықтық емес түсімдер» санатында:

04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:

1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:

45 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«045 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тапсырмасы бойынша және/немесе шешімдерін орындау үшін төленуге тиіс санкциялар, өндіріп алулар»;

бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:

9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер» функционалдық кіші тобында:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.