«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 668 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 668 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқада мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері 2010 жылғы № 2 Бюллетенінде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:

7-2-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«тиісті бюджеттің 5-34 нысаны бойынша есептің «Шыққан қалдық» бағаны бойынша «Жиыны» жолы сомасы «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» 2-19 нысаны бойынша есептің тиісті бюджеттің (тиісті бюджеттің жыл басынан бастап түсімдері) бағаны бойынша «Жиыны» жолының сомасы және 5-52 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша есептің «Жыл басынан бастап шығыстар» бағаны бойынша «Есеп бойынша барлығы» жолының сомасы айырмасына сәйкес келуі тиіс»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:

осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Бас-журнал» кітабы;

осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;

осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.