«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы (2026.13.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының

Заңы

 

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы

(2026.13.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан, 2029 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізі

3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар

4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері

5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары

6-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

2-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ

7-бап. Қызметке қабылдау шарттары

8-бап. Қызметке кандидаттарды іріктеу, тексеру және қабылдау

9-бап. Келісімшарт

10-бап. Қызметкерлерді білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу, қабылдау жəне жіберу

11-бап. Қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар

12-бап. Қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру

13-бап. Қызметкерлердің ант қабылдауы

14-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген қызметкерлерді кәсіптік бейімдеу

3-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

15-бап. Қызметкерлердiң мәртебесi және олардың құқықтық кепiлдiктерi

16-бап. Қызметтік міндеттерді атқару

17-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты құқықтары

18-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты мiндеттерi

19-бап. Қызметкердiң қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер

20-бап. Соғыс жағдайы кезеңінде қызметте құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі

21-бап. Қызметкерлердің жауаптылығы

22-бап. Қызметкердің қызметтік куәлігі және жетоны

23-бап. Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісі

4-тарау. ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ

24-бап. Кадр құрамы

25-бап. Қызметкерлер құрамы

26-бап. Арнаулы атақтар

27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі

27-1-бап. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы

28-бап. Арнаулы атақты төмендету, одан айыру және арнаулы атағын қалпына келтіру

29-бап. Алып тасталды

30-бап. Лауазымға тағайындау тәртібі

31-бап. Қызметкерлерді ауыстыру тәртібі

32-бап. Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқаруды жүктеу

33-бап. Уәкілетті басшының қарамағына жіберу

34-бап. Лауазымнан босату

35-бап. Ресми өкілдер

36-бап. Қызметкерлерді мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберу

36-1-бап. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері

37-бап. Кадр резерві

5-тарау. ДЕМАЛЫСТАР

38-бап. Демалыс түрлері

39-бап. Демалыстар берудің және олардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі

40-бап. Жыл сайынғы демалыс

41-бап. Қысқа мерзімді демалыстар

42-бап. Жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс, бала (балалар) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс

43-бап. Қосымша демалыстар

44-бап. Каникулдық демалыстар

45-бап. Оқу демалыстары

46-бап. Ауыру бойынша демалыстар

46-1-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс

47-бап. Демалыстан шақыртып алу

6-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ

48-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi тоқтатудың негiздерi

49-бап. Қызметтен шығару

50-бап. Қызметкерлердің қызметте болуының шектi жасы

51-бап. Қызметтен шығару тәртiбi

52-бап. Запасқа қою

53-бап. Запаста болудың шекті жасы

54-бап. Қызметін қалпына келтіру

7-тарау. АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІК

55-бап. Аттестаттау, оның мақсаты мен міндеттері

56-бап. Қызметкерлерді аттестаттау

56-1-бап. Қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау

57-бап. Аттестаттауды өткізу жөніндегі іс-шаралар

58-бап. Аттестаттау комиссиясы

59-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары

60-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына шағым жасау

61-бап. Сыныптық біліктілік

8-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП

62-бап. Қызметтік тәртіп

63-бап. Көтермелеулер

64-бап. Теріс қылықтар мен жазалар

65-бап. Қызметтік тексеру жүргізу тәртібі

66-бап. Алып тасталды

67-бап. Алып тасталды

68-бап. Жаза қолдану тәртібі

69-бап. Жазаларды жариялау тәртiбi

70-бап. Жазаны алу

71-бап. Қызметкерлердi тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiндегi олардың құқықтарының кепiлдiктерi

9-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АҚШАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

72-бап. Ақшалай қамтамасыз ету

73-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау

74-бап. Қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету

75-бап. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету

76-бап. Қатардағы жауынгер және сержант лауазымдарында қызметін өткеріп жүрген қызметкерлерді әлеуметтік қорғау ерекшеліктері

77-бап. Курсанттарды, тыңдаушыларды әлеуметтік қорғау ерекшеліктері

78-бап. Қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау

79-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғау

80-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда берiлетiн өтемақылар

81-бап. Жерлеу шығындарының өтемақысы

82-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың өзге де шаралары

10-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

83-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржылық қамтамасыз ету

84-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және олардың мүлкі

11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

85-бап. Өтпелі ережелер

86-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

 

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «курсанттарын», «Курсанттың», «курсанттары», «курсант», «курсанттарды» деген сөздер тиісінше «курсанттарын, тыңдаушыларын», «Курсанттың, тыңдаушының», «курсанттары, тыңдаушылары», «курсант, тыңдаушы», «курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:

«арнаулы (әскери)», «Арнаулы (әскери)» деген сөздер тиісінше «әскери, арнаулы», «Әскери, арнаулы» деген сөздермен ауыстырылды, «Әскери-медициналық бөлімшелер», «әскери-медициналық бөлімшелерінде және мекемелерінде», «әскери-медициналық бөлімшелер», «әскери-медициналық бөлімшелерде», «әскери-медициналық бөлімшелердің» деген сөздер тиісінше «Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мүгедектер», «мүгедек баланы (мүгедек балаларды)», «мүгедек баласы (мүгедек балалары)», «мүгедек (мүгедектер)», «мүгедекке», «мүгедек болған қызметкердің», «мүгедек», «мүгедек балалары», «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды)», «мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары)», «мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар)», «мүгедектігі бар адамға», «мүгедектік алған қызметкердің», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар балалары», «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдардың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесiн айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сәйкес оқуға жіберілген арнаулы мемлекеттік органның қызметкері;

2) арнаулы атақ - арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне берілетін арнаулы айырым белгісі;

3) арнаулы жиындар - арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар;

4) арнаулы киім нысаны - арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арнаулы мемлекеттік органдарға тиесілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және айырым белгілері;

5) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет - арнаулы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі;

6) арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебі - арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері туралы сандық және сапалық деректерді есепке алу және талдау жүйесі;

7) арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;

8) әскери, арнаулы оқу орындары - арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

9) еңбек сіңірген жылдары - қызметкердің күнтізбемен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, әскери қызметте, құқық қорғау қызметінде, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы;

10) жоғары аттестаттау комиссиясы - арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тізбеге сәйкес басшы құрамның лауазымды адамдарын олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі туралы аттестаттау қорытындылары мен ұсынымдарын және оларды одан әрі неғұрлым орынды қызметтік пайдалану перспективаларын аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен келіспейтін қызметкерлер шағым жасау тәртібімен ұсынған аттестаттауларды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының нұсқауы бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясының қарауына шығарылған аттестаттауларды қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін жоғары консультативтік-кеңесші орган;

11) курсант - жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;

12) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлерінің есебі - Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілері мен басқа да жұмылдыру ресурстарының сандық және сапалық деректерін есепке алу және талдау жүйесі;

13) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запасы (бұдан әрі - запас) - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан қызметтен шығарылған (теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда) және Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлерінің есебінде тұратын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын толықтырып жасақтауға, жұмылдырушылық өрістетуге және олардың шығынының орнын толтыруға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері;

14) қолданыстағы резерв - арнаулы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеру;

15) қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт) - тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;

16) магистранттар және докторанттар - әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер;

17) орнынан түсу - қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығару немесе запаста болудың шекті жасына жеткендерді не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлері есебінен алып тастау;

18) полиграфологиялық зерттеу - адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын (тыныс алу, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және тағы басқалары) арнаулы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сұрақ-жауап рәсімі;

19) психофизиологиялық куәландыру - арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кандидаттардың, олардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

20) тыңдаушы - қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;

21) уәкілетті басшы - осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды ауыстыру, лауазымнан босату, қызметтен шығару, шеттету, оларға арнаулы атақ беру, оны төмендету, одан айыру, оны қалпына келтіру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адам.

Лауазымды адамдар (уәкілетті басшылар) тізбесін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды;

22) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар - арнаулы мемлекеттік органның, оның мемлекеттік мекемелері мен құрылымдық бөлімшелерінің штаттарын құру, тарату, орнын ауыстыру, оларды қайта ұйымдастыру және (немесе) қысқарту жөніндегі іс-шаралар кешені.

 

2-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізі

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар

1. Арнаулы мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар.

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Арнаулы мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен Мемлекеттік күзет қызметі жатады.

 

4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері

Арнаулы мемлекеттік органдарға негізгі міндеттер заңмен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктеледі.

 

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары

Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары:

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;

2) заңдылық;

3) арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті ұйымдастырудағы тәсілдердің бірыңғайлығы;

4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);

5) қызметтің жария және жасырын әдістерін үйлестіру;

6) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу;

7) құпиялылық және астыртын әрекет ету;

8) патриотизм;

9) меритократия.

 

2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді

6-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күшi барлық қызметкерлерге қолданылады.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері осы Заңның 7, 10 (11-тармақты қоспағанда), 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 30 (8-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 44, 50, 56 (1-тармақты қоспағанда), 75, 77 (4-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда), 79 (1, 1-1, 2, 4 және 5-тармақтарды қоспағанда) және 85 (4-2-тармақты қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткереді.

Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіндегі әскери қызметі осы Заңның 7, 15, 16, 17, 18, 19, 24 және 34-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасымен реттеледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің әскери қызметі осы Заңның 1, 2, 3, 4 (26, 27, 27-1 және 28-баптарды қоспағанда), 5, 6, 7 және 8-тарауларында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасымен реттеледі.

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттік саяси қызметшiлерге қолданылады.

Осы Заңның қызметкерлерді қызметке қабылдау жағдайлары, әлеуметтік қамсыздандыру туралы 7, 36, 36-1, 73, 77, 78, 79, 80, 81, 82 және 85-баптарының жекелеген нормалары арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған Қазақстан Республикасының азаматтарына (теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда), сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған), хабарсыз кеткен немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде мүгедектік белгіленген қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қолданылады.

 

 

2-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ

 

7-бап. Қызметке қабылдау шарттары

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жасы он сегiзге толған, бірақ осы Заңда белгіленген арнаулы атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң даму жағдайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.

2. Қызметке:

1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;

2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi атқаруға кедергi келтiретiн сырқаты бар;

2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

4) 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, қызметке тұрар алдындағы алты жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты алты жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін алты жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған;

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді

9) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептермен шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адам қабылданбайды.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші теріс себептермен қызметтен шығару және өкілеттігін тоқтату бөлігінде:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;

қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды, ол осындай шығарудан кейін бес жыл өткен соң арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге құқылы;

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері немесе зайыбы (жұбайы) және оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда

11) ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері не зайыбы (жұбайы) немесе оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;