2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 22-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акиионерлік қоғамының басқарма төрағалары Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары Іс-шаралар жоспарында көзделген бекітуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен тікелей өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 1 ақпандағы
№ 22-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау жөніндегі
іс-шаралар жоспары
(Астана қаласы, 2012 жылғы 27 қаңтар)