Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1723 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары;
2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1723 қаулысымен
бекітілген
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеуді жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер