«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 12-қыркүйектегі» «Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қарауы туралы» № 2-3С нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 137 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 12-қыркүйектегі» «Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қарауы туралы» № 2-3С нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 137 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 қазандағы № 111 бұйрығымен күші жойылды

 

Қылмыстар, оқиғалар жөніндегі тіркелген өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар, олардың қаралу нәтижелері және солар бойынша қабылданған шешімдер туралы есептілікті одан әрі жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 12-қыркүйектегі ««Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қарауы туралы» № 2-3С нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 7233 санымен тіркелген және 2011 жылғы 22 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде (№ 554-556) жарияланған) № 84 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын;

осы бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қарауы туралы» № 2-3С нысанды есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулықта:

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Есеп А, Б, В және Г кестелерінен тұрады.»;

58 тармақтан кейін мынадай редакциялардағы 59-66 тармақтармен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.