«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1735 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1735 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 252-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Миссиясы мен пайымдауы» деген 1-бөлімде:

миссиядағы «балық шаруашылығын» деген сөздер «балық шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;

мәтінде «, ауылдық аумақтар», «және ауылдық аумақтарды», «және ауылдық аумақтар әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету» деген сөздер алынып тасталсын;

«Тиісті салалар (аялар) қызметінің ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау» деген 2-бөлімде:

«1-стратегиялық бағыт. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 1-стратегиялық бағыт. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету».

Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлерi

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

Бүгінгі таңда республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі (бұдан әрі - АӨК) жағдай өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының тұрмыс сапасының жақсаруымен сипатталады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.