«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің міндетін атқарушысының «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 153 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің міндетін атқарушысының «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 153 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығымен күші жойылды

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің міндетін атқарушысының «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6630 тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 20.04.2010 ж., № 144-146 жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесінде:

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер сатып алушы бес жұмыс күні ішінде мүліктің бүкіл сатып алу құнын енгізбеген жағдайда немесе сауда-саттыққа қатыса алмағандығы белгілі болған жағдайда кепілақы оған қайтарылмайды және ол мемлекет кірісіне түседі. Егер кепілақы жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізілген жағдайда, жеке сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде кепілақыны мемлекет пайдасына аудару туралы шараны қолданады.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Сатып алушы сауда-саттық өткізілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық органның бақылаудағы қолма-қол ақша шотына немесе сауда-саттықты өткізген жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына мүліктің сатып алу сомасын енгізеді.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.