Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 3 ақпандағы № 13 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3788 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 4 және 5 қаңтарда «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 93801733,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 5860471,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 85726,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4003,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 87851532,5 мың теңге;
2) шығындар - 93712913,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1763079,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2314484,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 551405,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 765812,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 765812,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2440071,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2440071,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай мөлшерлерде нысаналы трансферттерді қайтару қарастырылғаны ескерілсін:
республикалық бюджетке 320126,0 мың теңге сомасында, оның ішінде облыстық бюджеттен 98547,3 мың теңге сомасында және аудандар мен қалалар бюджеттерінен 221578,7 мың теңге сомасында;
аудандар мен қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 41298,8 мың теңге сомасында.