«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени қүндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Атырау облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 400 Қаулысы

«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени қүндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Атырау облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 400 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Керімовке жүктелсін.

3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Б. Рысқалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат министрі

А. Жұмағалиев

2011 жылғы 25 желтоқсан

 

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы

30 желтоқсандағы № 400

қаулысымен бекітілген

 

 

«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) қорытынды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген, әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы сараптама нәтижелері берілген құжат;

2) мәдени құндылық - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар құндылықтар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.