Курсанттарды, кадеттерді, әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, əскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде əскери бөлім (мекеме) немесе бөлімше құрамында) ауыстырылған кезде оларға əскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат жəне əрбір отбасы мүшесіне:
1) жұбайына (зайыбына);
2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласына (балаларына), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласына (балаларына);
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласына (мүгедектігі бар балаларына), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамға (мүгедектігі бар адамдарға) бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.
Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болып табылса немесе олардың біреуі Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері болып табылса, онда әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9. Далалық төлемдер уəкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тəртіппен, тұрақты тұрғылықты жерінен тыс орналасқан жеріне қарамастан, далалық шығуда (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда), теңізге шығуда болғаны үшін, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін іссапар шығыстары төленбестен, тəулігіне 1,2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.
2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 45-бап жаңа редакцияда
45-бап. Əскери қызметшілерді жəне олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету
Əскери қызметшілер (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді, резервтегі əскери адамдарды, курсанттар мен кадеттерді, əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілерді қоспағанда) жəне олардың отбасы мүшелері əскери қызмет өткеру кезеңінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен бюджет қаражаты есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.
46-бап. Әскери қызметшілердің демалыстары
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына қарай күнтізбелік есептеумен белгіленеді:
1) кемінде он жыл - 30 тəулік;
2) он жылдан он бес жылға дейін - 35 тəулік;
3) он бес жылдан жиырма жылға дейін - 40 тəулік;
4) жиырма жəне одан көп жыл - 45 тəулік.
Ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқаратын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілейтін тізбе бойынша жергілікті жерлерде қызмет өткеретін əскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тəулік демалыс беріледі.
Жыл сайынғы негізгі демалыстың ұзақтығы демалыс күндеріне келетін мереке күндерді есептемей, күн тәртібіне және қызметтік уақыт регламентіне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшілерге (əскери интерндерге, әскери резидент-дәрігерлерге, магистранттарға, докторанттарға, адъюнкттерге) жазғы каникулдық демалыс берумен, жыл сайынғы негізгі демалыс беріле отырып, екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлеу жүргізіледі.
Əскери интерндердің, әскери резидент-дәрігерлердің, магистранттардың, докторанттардың, адъюнкттердің жазғы жəне қысқы каникулдық демалысының жиынтығы жыл сайынғы негізгі демалысқа теңестіріледі.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, ол сауықтыруға арналған жəрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына пропорционалды түрде өтеуге міндетті.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Резервтегі әскери адамдарға жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс орны бойынша беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысы жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар өткізу кезеңімен сәйкес келмеуге тиіс.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыстан басқа Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қосымша демалыстар беріледі.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа, əскери қызметшіге оның баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде айқындалатын тəртіппен бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс беріледі.
Жыл сайынғы негізгі жəне қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы тиісті жылға 60 тəуліктен аспауға тиіс, бұл ретте демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі. Демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақытты беру тəртібі Əскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленеді.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшінің демалысы қызмет мүддесі ескеріле отырып, бөліктерге бөлінуі мүмкін.
3. Мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне жалпыәскери жарғыларда айқындалған тәртіпте көтермелеу түрінде қысқа мерзімді демалыс беріледі.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қажет болған кезде әскери қызметшілерге ауыруы бойынша, отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді, ал әскери, арнаулы оқу орындарында (әскери факультеттерде) оқитындарға каникулдық демалыстар беріледі.
Əскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа) оқуға түсу емтихандарына дайындалу жəне тапсыру үшін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде оқу жоспарында айқындалған мерзімге оқу демалыстары беріледі, ал ғылым кандидаты, докторы ғылыми дəрежелерінің, философия докторы (PhD) жəне бейіні бойынша доктор дəрежелерінің ізденушілері болып табылатын əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жыл сайынғы негізгі демалыс жұмылдыру, соғыс немесе төтенше жағдай жарияланған жағдайда, соғыс уақытында және қызметтік қажеттілік жағдайында уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен тоқтатылады. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлігі ағымдағы жылы немесе келесі жылы беріледі.
Егер демалыстың пайдаланылмаған бөлігі он және одан астам күнтізбелік күнді құраса, әскери қызметшілерге демалыс өткізу орнына бару және кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі.
Демалыстың өткен жылы пайдаланылмаған бөлігі əскери қызметшіге оның баянаты бойынша ағымдағы жылы бөлек беріледі не жыл сайынғы негізгі ақы төленетін демалысына қосылады.
6. Өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін немесе оқуға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберілген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының аумағында қызмет өткеретіндердің демалысқа құқықтарын пайдаланады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Əскери қызметшілердің жұмыс істейтін зайыптарына (жұбайларына) жыл сайынғы демалыстар жұмыс берушімен келісу бойынша олардың жұбайларының (зайыптарының) кезекті демалысымен бір мезгілде берілуі мүмкін. Бұл ретте демалыс ұзақтығы жұмыс берушімен келісу бойынша жалақы сақталмайтын қосымша демалыс беру есебінен жұбайының (зайыбының) демалыс ұзақтығына тең болуы мүмкін.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 47-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47-бап. Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
Қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтетуге құқылы. Осы құқықты әскери қызметшілер бір рет пайдалана алады.
Әскери қызметшіге көрсетілген шығындарды өтеуді құрылымында әскери қызметші әскери қызмет өткеретін уәкілетті орган жүргізеді.
Әскери қызметшіні басқа білім беру ұйымына ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтеу мөлшері түзетілуге жатады.
Әскери қызметшіге академиялық демалыс берілген кезде оның Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтету құқығы сақталады.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтетуге құқылы әскери қызметшіге, ол оқыған (оқитын) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған, әрекетін тоқтатқан, білім беру ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайларда басқа жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтетуге кепілдік беріледі.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертілді
48-бап. Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери, арнаулы оқу орындарының ұландарын, кадеттері мен курсанттарын əлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілер, əскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары, кадеттері мен ұландары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша заттай мүлікпен, тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Демалысқа, каникулға кеткен кезде оларға демалыс, каникул өткізу орнына дейін бару кезеңіне азық-түлік үлесі беріледі.
Қысқа мерзiмдi демалысқа барған жəне керi қайтқан кезде мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерге, каникулдық демалысқа жəне тағылымдамаға барған кезде, сондай-ақ керi қайтқанда əскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарына, кадеттеріне темiржол, автомобиль жəне ішкі су көлiгiмен бюджет қаражаты есебінен жол жүру құқығы берiледi. Шетелдік əскери оқу орындарында білім алып жатқан курсанттарға да оқуға жіберілген жəне каникулдық демалысқа барған кезде жəне керi қайтқанда əуе көлігімен мемлекет есебiнен жол жүру құқығы берiледi.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын мөлшерде пошта жөнелтімдеріне арналған өтемақы да төленеді.
Мерзімді əскери қызмет өткерген жəне əскери, арнаулы оқу орнында оқыған кезде тұру үшін əскери қызметшілер казармаларға орналастырылады. Курсанттарға, кадеттерге жəне ұландарға да əскери оқу орнында оқу уақытына жатақхана берілуі мүмкін.
2023.02.10. № 31-VIII ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48-1-бап өзгертілді
48-1-бап Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының ұландарын, кадеттері мен курсанттарын әлеуметтік қорғаудың ерекшеліктері
Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелері олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарының ұландары, кадеттері мен курсанттары қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруды жалпыәскери жарғыларда белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.
2015.15.06. № 321-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 323-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді
49-бап. Әскери қызметшілердің жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қамсыздандыру
Жауынгерлік іс-қимылдарға, террорға қарсы және бітімгершілік операцияларына қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге және барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындауға қатысатын Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының әскери қызметшілеріне жыл сайынғы демалысына қосылатын ұзақтығы екі апта қосымша демалыс беріледі.
Жауынгерлік іс-қимылдарға және террорға қарсы операцияларға қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге жауынгерлік іс-қимылдар және террорға қарсы операциялар кезеңінде жеңілдіктер шарттарымен еңбек сіңірген жылдарына қызметінің бір айы үш ай болып есептеледі.
Бітімгершілік операцияларына қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге бітімгершілік операцияларына қатысқан кезең жеңілдіктер шарттарымен қызметінің бір айы бір жарым ай болып есептеледі.
Бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін әскери қызметшілер құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қаражаты есебінен кемінде күнтізбелік жеті күн, бірақ жиырма бір тәуліктен аспайтын мерзімге санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерін төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою, терроризмге қарсы операциялар жүргізу, сондай-ақ төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін міндеттерді орындауға тарту кезінде оларға үш еселенген мөлшерде ақшалай жабдықталым төленеді.
50-бап. Әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 323-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауру тапқан, сондай-ақ жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бюджет қаражаты есебінен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсеткіштері болған кезде - әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету, ал жиырма бес және одан көп еңбек сіңірген жылдары барларға санаторийлік-курорттық емделу беріледі.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 323-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың, бөлімшелердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жерінде әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 323-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары Қарулы Күштерден шығарылған кезде, оның ішінде әскери қызмет өткерген кезеңде азаматтық мамандықтарды меңгеру мақсатында әлеуметтік бейімделумен қамтамасыз етіледі.
Əскери қызметтен шығарылған Қазақстан Республикасының азаматтарын əлеуметтік бейімдеу мақсатында Қорғаныс министрлігі білім беру, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органдармен келісу бойынша педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын əзірлейді жəне бекітеді.
Əскери оқу орындарында өтеусіз негізде педагогикалық қайта даярлаудан офицерлер, аға немесе жоғары сержанттар құрамдары лауазымдарында əскери қызмет өткерген, жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі жəне кемінде он жыл сіңірген еңбегі бар, əскери қызметтен шығарылатын немесе шығарылған (əскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен шығарылған Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда), Қазақстан Республикасының азаматтары өтуге құқылы.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 323-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Әскери қызметтен шығарылған адамдардың (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде әскери есепке қойылатын жерге немесе таңдалған тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүруге құқығы бар.
Әскери қызметтен шығарылған адамдарға (мерзімді әскери қызметтен, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып, бюджет қаражаты есебінен төленеді.
Осы тармақтың күші, резервтегі әскери Қазақстан Республикасының азаматтарына қоспағанда, 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады.
2024.06.05. № 79-VIII ҚР Заңымен 50-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 18 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 50-1-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының əскери қызмет міндеттерін орындауы кезіндегі кепілдіктер
1. Мерзімді əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының:
1) білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына сəйкес мерзімді əскери қызметті өткеру кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу негізінде мерзімді əскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде жоғары əскери, арнаулы оқу орындарына түсуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына сəйкес мерзімді əскери қызметті өткеру кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу негізінде медициналық, фармацевтикалық жəне педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге;
3) мемлекеттік жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқудың бірінші жылында жатақханадан орынды басымдықпен алуға;
4) қызметтен шығарылған күннен бастап екі жыл ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен емтихандардың нəтижелері ескерілместен ақылы негізде жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсуге;
6) əскери қызметтен шығарылған кезеңмен тұспа-тұс келетін академиялық кезең ішінде білім беру грантын жоғалтпай, жеке оқу жоспарлары бойынша оқуды жалғастыруға (білім алуды жалғастыру үшін əскерге шақыруды кейінге қалдырудан бұрын бас тартқандарға жəне əскери қызметке өз қалауы бойынша шақырылғандарға);
7) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алуға байланысты жəне «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті бюджет қаражаты есебінен жұмсалған, білім алуға байланысты шығыстарды өтемей тоқтатуға құқығы бар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 6) жəне 7) тармақшаларының күші əскерге шақыру бойынша əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген запастағы офицерлерге де қолданылады.
2. Мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі алпыс күнді қамтитын кезеңге банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша сыйақы есептелмей, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру беріледі.
3. Əскери қызметке (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде жəне соғыс уақытында əскерге шақыруды қоспағанда) немесе əскери жиындарға шақырылған азаматтардың əскерге шақыру бойынша əскери қызметті өткеру немесе əскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.