50) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар - Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда мемлекеттік мекемелерді жəне олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлермен əскери құралымдардың құрамы мен штат санын өзгерту бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
51) ұлан - негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, əскери оқу орнының бірінші немесе екінші курсында білім алып жатқан адам;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 52) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
52) штаттан тыс құрамның əскери лауазымы - əскери кафедраның (əскери факультеттің) студенттерді əскери даярлау жəне əскери-патриоттық тəрбиелеу жөніндегі лауазымдық өкілеттіктер жүктелген штат бірлігі.
2-бап. Қарулы Күштердегі әскери қызметтің құқықтық негізі
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы катысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3-бап. Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары
Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары:
2) әскери қызметшілердің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін әскери қызмет өткеру шарттарын ескере отырып, оларды толық, жеткілікті және уақтылы қамтамасыз ету;
3) әскери қызметшінің құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтан қорғау, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде оған қол сұғылмаушылық;
4) дара басшылық және дәреже сатысы;
5) саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер қызметіне тәуелді болмау болып табылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының барлық әскери қызметшілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер, сондай-ақ бітімгершілік күштер құрамында әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне қолданылады.
Осы Заңның күші мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде саяси мемлекеттік қызметшілерге қолданылады.
Осы Заңның әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру туралы жекелеген ережелері мен нормалары олардың отбасы мүшелеріне, әскери қызметтен шығарылған адамдарға, сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан, қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне қолданылады.
Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметтен шығарылған және басқа мемлекеттерге тұрақты тұруға қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәртебесі тұрақты тұру үшін таңдалған мемлекеттермен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
5-бап. Әскери қызметшінің мәртебесі
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.
Әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын алып тастаулар мен шектеулер, ерекше міндеттері мен жауаптылығы осы Заңда белгіленген қосымша құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.
Әскери қызметші мәртебесіне мына азаматтар:
әскери қызметке (жиындарға) шақырылғандар - жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет (жиындарды) өткеру орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап;
келісімшарт бойынша әскери қызметке түскендер - әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар əскери қызметшілер болып табылмаса - əскери, арнаулы оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы əскери, арнаулы оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік əскери оқу орнына түскен кезде - уəкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру жəне ауыспалы құрамның кадеті əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
резервтегі әскери адамдар - жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға келу туралы әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.
Азамат əскери қызметтен шығарылуға (əскери жиындардың аяқталуына) байланысты əскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына қызметке ауыстырылған жағдайда əскери қызметші мəртебесін жоғалтады.
Резервтегі әскери адам әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды немесе жиындарды, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарды аяқтау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап не резервтегі әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлім (мекеме) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап әскери қызметші мәртебесін жоғалтады.
2. Әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады. Олар жалпы әскери жарғыларға сәйкес олар үшін бастықтар болып табылатын адамдарға ғана бағынады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа ешкім де олардың қызметтік істеріне араласуға құқылы емес.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Әскери қызметші:
1) лауазымдық міндеттерін орындаған;
2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайында, сондай-ақ қарулы жанжалдар жағдайларында міндеттер орындаған;
3) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан;
4) террорға қарсы операцияларға қатысқан;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) далалық шығуда (теңізге шығуда) болған оқу-жаттығуларға немесе корабльдердің жорықтарына қатысқан;
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) күн тәртібімен белгіленген қызмет уақыты ішінде немесе қызметтік қажеттіліктен туындаған басқа да уақытта әскери бөлімнің (мекеменің) аумағында болған;
8) қызметтік іссапарда болған;
9) қызмет орнына барған және кері қайтқан;
10) емделуде болған, емделу орнына барған және кері қайтқан;
12) тұтқында, кепілде немесе еркінен айырылу жағдайында болған;
13) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) қолданыстағы резервте болған;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) біліктілігін арттыруда, курстық даярлықта, қайта даярлауда, қайта мамандандыруда, оқуда, әскери тағылымдамада болған;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) зерттеулер жүргізген, әскери және басқа сынақтарда болған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.
Офицерлер құрамын әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілердің мәртебесі келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің мәртебесімен айқындалады.
Мерзімді қызмет әскери қызметшісі мерзімді қызмет өткерудің барлық уақыты ішінде, ал әскери міндетті - әскери жиындарды өткерудің барлық уақыты ішінде әскери қызмет міндеттерін орындайды.
Резервтегі әскери адамдар әскери бөлімде (мекемеде) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, сондай-ақ дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.
4. Командирлерге (бастықтарға) әскери қызмет міндеттерін орындауға қатысы жоқ немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар (бұйырулар) мен өкімдер беруге тыйым салынады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Əскери қызметшілерге олардың мəртебесін куəландыру үшін уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жеке нөмірлері бар жетондар, əскери қызметшінің жеке куəліктері (əскери билеттер) жəне (немесе) қызметтік куəліктер беріледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдарының жедел-іздестіру жəне барлау қызметін жүзеге асыруға уəкілеттік берілген офицерлік құрамының əскери қызметшілеріне олардың жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі əскери барлау органдарының қызметтік куəліктері беріледі.
Қызметтік куəлікті беру, пайдалану тəртібін жəне оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органы əскери қызметшісінің қызметтік куəлігі оның қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес оған берілген өзге де өкілеттіктерін растайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Заңнамалық тұрғыдан бекітіп берілген міндеттерді орындау мақсатында əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне өздерінің жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін қызметтік куəліктер мен жетондар беріледі.
Қызметтік куəліктер мен жетонды беру, пайдалану тəртібін жəне олардың сипаттамасын уəкілетті органның басшысы айқындайды.
Əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерінің қызметтік куəлігі олардың қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес əскери қызметшілер мен қызметкерлерге берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.
6-бап. Әскери қызметшілердің құқықтары
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында көзделген барлық құқықтар мен бостандықтарды Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған шектеулерді ескере отырып пайдаланады.
Әскери қызметшілердің:
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде уəкілетті органдардың бірінші басшылары көздеген тəртіппен бюджет қаражаты есебінен ақшалай ризықпен қамтамасыз етілуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша бюджет қаражаты есебінен заттай және басқа да мүлік түрлерімен қамтамасыз етілуге.
3) біліктілігін, қабілетін, өз лауазымдық міндеттерін адал орындауын ескере отырып, қызметі бойынша жоғарылатылуға;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) өздерiне қатысты қабылданған шешiмдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сондай-ақ сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен, уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери, арнаулы оқу орындарына түсуге, курстық даярлаудан, кəсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша түсуге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа);
5) денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарына сай келетін қызмет жағдайларына;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен әскери қызмет міндеттерін орындаған кезде өмірі мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) осы Заңға сәйкес әскери қызмет өткеру кезеңінде тұрғынжаймен қамтамасыз етілуге;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде арнаулы құралдарды, қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылды
9) өздерінің құқықтарын, лауазымдық және арнайы міндеттерін айқындайтын құжаттармен танысуға;
10) жеке ісіне енгізілгенге дейін өздерінің қызметтік жұмысы туралы пікірлермен және басқа да құжаттармен, жеке іс материалдарымен (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ жеке іске өздерінің жазбаша түсініктемелерін, басқа да құжаттар мен материалдарды қосуға;
11) өзінің және өз отбасы мүшелерінің дербес деректерінің қорғалуына;
12) медициналық қамтамасыз етілуге және санаториялық-курорттық емделуге;
13) зейнетақымен қамсыздандырылуға және әлеуметтік қорғалуға;
14) әскери қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісінше ұйымдастырушылық-техникалық және санитариялық жағдайларына;
15) демалысқа;
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) медициналық, педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.
Осы тармақтың 1), 7), 13) (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бөлігінде), 15) (жыл сайынғы еңбек демалысын беру бөлігінде) және 16) тармақшаларының күші резервтегі әскери адамға қолданылмайды.
2. Әскери қызметшілердің қару алып жүру қағидалары жалпы әскери жарғыларда айқындалады. Әскери қызметшілердің соңғы шара ретінде мынадай:
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) күзетілетін әскери және азаматтық объектілерге, қарауылдарға, әскери бөлімдердің (мекемелердің) үй-жайлары мен құрылыстарына қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру;
2) қаруды және әскери техниканы күшпен тартып алу әрекетінің жолын кесу;
3) әскери қызметшілер мен азаматтық адамдарды, егер өзге тәсілдермен және құралдармен оларды қорғау мүмкін болмаса, олардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін шабуыл жасаудан, оның ішінде жануарлардың шабуыл жасауынан қорғау;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) егер өзге тәсілдермен және құралдармен қылмыскердің қарсылығын еңсеру, ұстау немесе қаруын алу мүмкін болмаса, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қарулы қарсылық көрсететін не ауыр, аса ауыр қылмыс жасау кезінде қолға түскен адамды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қаруланған адамды ұстап алу;
5) кепілге алынғандарды, басып алынған күзетілетін объектілерді, құрылыстар мен арнайы (әскери) жүктерді босату;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) өздеріне қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған адамдардың күзеттен қашуының жолын кесу, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың қашып кетуінің жолын кесу, сондай-ақ оларды күштеп босатуға жасалған әрекеттердің жолын кесу;
7) дабыл белгілерін беру немесе көмекке шақыру;
8) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында жеке немесе бөлімше құрамында қару қолдануға құқығы бар.
Кенеттен қарулы шабуыл жасауды, жауынгерлік техниканы, көлік құралдарын, теңіз және өзен кемелерін пайдалана отырып шабуыл жасауды, сондай-ақ қамаудан қарумен қашып шығуды қоспағанда, қару қолданбай тұрып, оны қолдану ниеті туралы ескерту жасау көзделуге тиіс.
Әскери қызметші қаруды қолданған және пайдаланған кезде айналасындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге міндетті.
Әйелдер мен кәмелетке толмағандар әскери қызметшінің немесе басқа да адамдардың өміріне қатер төндіретін терроризм актісін, қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не топтасып шабуыл жасаған, егер ондай шабуыл жасауға өзге де тәсілдермен және құралдармен тойтарыс беру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
Әскери қызметші қару қолданудың немесе пайдаланудың әрбір жағдайы туралы командирге (бастыққа) баяндайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Əскери қызметшілердің өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
7-бап. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтауға, сондай-ақ жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтауға;
2) белгіленген тәртіппен әскери ант қабылдауға;
3) командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын дәлме-дәл және мерзімінде орындауға;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде өзін ротациялау туралы уəкілетті орган басшысының шешімін орындауға;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери бөлімдері мен бөлімшелері, халықаралық шарттарға сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер құрамында қарулы жанжалдарға қатысуға;
5) тәртіпті, қырағы болуға және мемлекеттік құпиялардың жария етілуіне жол бермеуге;
6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын сақтауға;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) əскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауға;
8) уәкілетті органдардың басшылары бекітетін дене дайындығы жөніндегі нормативтердің талаптарын сақтауға және орындауға;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) өзіне сеніп берілген қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана білуге, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылды
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдауға;
12) әскери мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
13) әскери қызметшінің жеке мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттігімен ұштасатын немесе оларға қайшы келетін жағдайларда жазбаша нысанда баянат беруге және командирге (бастыққа) дереу хабарлауға;
14) әскери қызмет мүдделерiне зиян келтiретiн жария сөйлеуге жол бермеуге;
15) командирге (бастыққа):
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өзіне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті жəне (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
16) теріс себептер, аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен мемлекетке:
өзін әскери, арнаулы оқу орнында, оның ішінде шет мемлекетте оқытуға, біліктілігін арттыруға, курстық даярлауға, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша қайта даярлауға жұмсалған ақшаны;
Қазақстан Республикасы мен оқытатын ел арасында жасалған шарт сомасына барабар ақшаны өтеуге міндетті.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар лауазымды адамдарының лауазымдық және арнайы міндеттері жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші әскери қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде әскери қызмет өткеру кезеңіне әскери қызметшінің меншігінде болатын оған заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, пайлық инвестициялық қорлардың ашық және аралық пайларын, сондай-ақ оған мүліктік жалға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, оларды пайдаланудан кіріс алынатын коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шартын нотариат куәландыруға тиіс.