2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Əскери қызметшілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-бап. Əскери міндеттілердің жалпы міндеттері
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) əскери есепке алу бойынша міндеттерді сақтауға;
3) əскери білім мен дағдыларды алу, сақтау жəне жетілдіру үшін, оның ішінде кезекті əскери атақтар алу үшін əскери жиындардан не əскери міндеттілердің курстық даярлығынан өтуге;
4) əскери даярлық кезеңінде тəртіпті, қырағы болуға;
5) əскери даярлық кезеңінде əскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) əскери даярлық кезеңінде əскери қызмет мүдделеріне зиян келтіретін жария сөйлеуге жол бермеуге міндетті.
2. Əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілердің лауазымдық жəне арнаулы міндеттері жалпыəскери жарғыларда айқындалады.
3. Əскери міндеттілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
8-бап. Әскери қызмет өткерумен байланысты әскери қызметшілердің құқықтарын шектеу
Әскери қызметші:
1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, саяси партияларда, кәсіптік одақтарда, діни бірлестіктерде тұруға, қандай да бір саяси партияға қолдау білдіруге;
2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтірмейтін медициналық, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет болмаса, басқа ақылы қызметпен айналысуға;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатысуға;
4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдардың істері бойынша өкіл болуға;
5) әскери мүлік пен оның қызметтік істерін қамтамасыз ететін басқа да құралдарды, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
6) ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын ұйымдастыруға және оған қатысуға;
7) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсаттарда, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уəкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куəландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқылы емес.
Куəландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару əскери қызметтен шығаруға алып келеді.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-ТАРАУ. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЯРЛАУ ЖƏНЕ ƏСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕЛЕУ
9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтарды əскери қызметке даярлау - бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
2. Азаматтарды əскери қызметке даярлау:
қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық;
мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық;
бастапқы əскери даярлық;
запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлық қамтылған білім беру ұйымдарындағы əскери даярлықты;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарындағы əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскери даярлықты;
3) əскери міндеттілердің курстық даярлығын қамтиды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі білім беру ұйымдарындағы əскери даярлықтың сапасын мониторингтеу мен талдауды білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтарды əскери қызметке даярлау бөлігіндегі талаптарының сақталуы жəне білім беру ұйымдарында əскери даярлықтың сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар əзірлеу мақсатында жүзеге асырады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Бастапқы əскери, əскерге шақыруға дейінгі жəне əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, əскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының əскери кафедраларының (əскери факультеттерінің) базасында бастапқы əскери даярлық қағидаларына сəйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, əскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының əскери кафедраларының (факультеттерінің) базасында бастапқы əскери даярлықтың білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы құжат білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен біліктілік санатын беру кезінде ескеріледі.
Бастапқы əскери, əскерге шақыруға дейінгі жəне əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен əзірленеді жəне оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі əскерге шақыруға дейінгі даярлық бөлігінде балаларға арналған қосымша білім беруді реттейтін, сондай-ақ бастапқы əскери даярлықты, оның ішінде əскерге шақыруға дейінгі жəне əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық шеңберінде жүзеге асыратын педагогтерге қатысты бөлігінде аттестаттау, біліктілік санаттарын беру, біліктілікті арттыру мен педагогикалық қайта даярлау тəртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін əзірлеуге жəне келісуге қатысады.
10-бап. Бастапқы әскери даярлық
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді, осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Азаматтармен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі.
Алғашқы əскери даярлықты:
1) тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар, əскери қызмет өткерген немесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру ұйымдарының əскери кафедрасында (əскери факультетінде) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша əскери даярлықтан өткен;
2) офицерлер, аға немесе жоғары сержанттар құрамдарының лауазымдарында əскери қызмет өткерген (əскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған азаматтарды қоспағанда), жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар азаматтар жүзеге асыра алады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған азаматтардың кəсіптік дағдылары бастапқы əскери даярлық бейіні бойынша кəсіптік білімге сай келеді жəне олар бастапқы əскери даярлық қағидаларына сəйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда бастапқы əскери даярлықты жүзеге асыруға құқылы.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әскерге шақырылуға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар əскери қызмет өткеру кезеңінде одан өтедi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тəртібі бастапқы əскери даярлық қағидаларында айқындалады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық
1. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылады.
2. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты ұйымдастыру жəне одан өту тəртібі мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларында айқындалады.
3. Əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.
4. Əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарына бірінші басшылар мен педагогтер лауазымдарына тағайындау жəне оларды лауазымдарынан босату тəртібі, сондай-ақ олардың біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.
5. Əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1-бап. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық
1. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық негізгі орта жəне жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында жас айбындар сыныптарында, топтарында жүзеге асырылады. Сондай-ақ жас айбындарды əскерге шақыруға дейінгі даярлық балаларға қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда жəне əскери бөлімдердің (мекемелердің) қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Əскерге шақыруға дейінгі даярлықты ұйымдастыру жəне одан өту тəртібі қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларында айқындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сəйкес өтеусіз негізде жəне оқуға арналған шығыстар толық немесе ішінара өтеле отырып, өтеулі негізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында жүргізіледі.
Оқуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу жəне жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан əрі - Қорғаныс министрлігі) есебінен жүзеге асырылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Өтеусіз негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі, даярлықты бітіргеннен кейін мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервіне алынатын азаматтар тартылады. Кіші мамандарды даярлауға бөлінген тапсырысты Қорғаныс министрлігі қалыптастырады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өтеулі негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға:
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды əскери міндеттілер;
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, соның ішінде əскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі əскерге шақырылушылар тартылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру тəртібін, сондай-ақ оқу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша білім алатын əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жұмылдыру ресурстарына не кіші мамандарға қажеттілікті негізге ала отырып айқындайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді əскери- техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқытудың басталуы мен аяқталуы болып Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы басшысының оқуға қабылдау жəне оны бітіру туралы бұйрықтары шыққан күн есептеледі.
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқып жатқан азаматтар оқу кезеңінде əскери қызметші мəртебесіне ие болмайды.
7. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында сабақтар өткізілетін уақытта көрсетілген ұйымдарда оқытудан өтіп жатқан қызметкерлерге жұмыс берушілер оқу демалыстарын беруге міндетті.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңінде əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар, заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарып жіберілмейді.
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Азаматтарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлау
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігіне, сондай-ақ әскери оқытылған резервті толықтыру қажеттігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау - өтеусіз және өтеулі негіздерде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеулі негізде жүргізіледі.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Азаматтарды запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлықтан өткізу тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес айқындалады.
Əскери-оқу практикасы əскери бөлімдердің (мекемелердің), əскери оқу орындарының оқу-материалдық, техникалық базасы пайдаланыла отырып жүргізіледі.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен тиісінше «запастағы лейтенант» немесе «запастағы сержант» әскери атағы беріледі.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтарды запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлықты ұйымдастыру үшін Қорғаныс министрлігі:
1) əскери кафедра (əскери факультет) қызметінің қағидаларын;
2) əскери кафедрадағы (əскери факультеттегі) əскери даярлық бағдарламаларының тізбесін;
3) əскери кафедрада (əскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
13-1-бап. Əскери міндеттілердің курстық даярлығы
1. Əскери міндеттілердің курстық даярлығы жұмылдыру қажеттілігіне жəне əскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сəйкес өтеулі негізде жүргізіледі.
2. Əскери міндеттілердің курстық даярлығы бағдарламалары бойынша əскери даярлықтың толық курсын бітірген əскери міндеттілерге кезекті əскери атақ əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тəртіппен беріледі.
3. Əскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу тəртібі Қорғаныс министрлігі бекітетін əскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына сəйкес айқындалады.
14-бап. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту
1. Халықты азаматтық қорғаныс іс-шараларына тарту және соғыс уақытында Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті контингентті даярлау мақсатында:
1) ерлер - он алты жастан алпыс жасқа дейінгілерді қоса алғанда;
2) балалары жоқ немесе он жастан асқан балалары бар әйелдер - он сегіз жастан қырық бес жасқа дейінгілерді қоса алғанда, жалпыға бірдей әскери оқыту жүргізіледі.
Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуды азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
3. Қорғаныс министрлігі азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іс-шараларға бақылауды жүзеге асырады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Əскери-патриоттық тəрбие
1. Əскери-патриоттық тəрбие - əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілерінің Қазақстан Республикасы азаматтарының бойында қазақстандық патриотизмді, біртұтас ұлтқа тиесілілік сезімін, рухани-имандылық құндылықтарын, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндетті орындауға əзірлікті қалыптастыру жəне осыған байланысты қажетті білім мен дағдыларды дамыту бойынша жүйелі, мақсатты жəне үйлестірілген қызметі.
2. Əскери-патриоттық тəрбиелеу жүйесі азаматтарды əскери-патриоттық тəрбиелеудің үздіксіз болуын қамтамасыз ететін, өзара байланысты құралдардың, əдістердің, құжаттардың, іс-шаралардың, əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілерінің жиынтығын білдіреді.
Əскери-патриоттық тəрбиелеу жүйесі əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілері қызметінің бағыттарын үйлестіру мен айқындауды, сондай-ақ мұндай қызметті ғылыми жəне əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді қамтиды.
3. Азаматтарды əскери-патриоттық тəрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдары əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілері болып табылады.
Қазақстан Республикасында əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілерінің қызметін үйлестіруді əскери-патриоттық тəрбие жөніндегі үйлестіру кеңестері жүзеге асырады, олар:
Қорғаныс министрлігі жанынан - республикалық;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан - аумақтық болып құрылады.
Əскери-патриоттық тəрбие жөніндегі үйлестіру кеңестері консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
Əскери-патриоттық тəрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілерінің келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыруы жəне олардың қызмет тиімділігін арттыру;
2) əскери-патриоттық тəрбие мəселелері бойынша ақпарат алмасу, оң тəжірибені зерделеу жəне тарату;
3) əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау.
Əскери-патриоттық тəрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерінің құрамы, өкілеттіктері мен қызмет тəртібі тиісінше Қорғаныс министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін ережелерде айқындалады.
Əскери-патриоттық тəрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ережені Қорғаныс министрлігі əзірлейді жəне бекітеді.
4. Шетелдік заңды жəне жеке тұлғалар, шет мемлекеттер жəне халықаралық ұйымдар ұсынатын қаржыландыруды қоспағанда, əскери-патриоттық тəрбие бюджет қаражаты жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тарау. ƏСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛУ
15-бап. Әскери есепке алу
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтар, мыналарды:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) әскери қызметтен отставкаға шығарылған немесе запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен алып тасталған не әскери есептен алып тасталып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды;