«Азиада нысанында болған оқиғалар мен төтенше жағдайлар ақпаратын беру бойынша ҚР ТЖМ «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ жедел кезекшілік кезегінің әрекеті жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 306 Бұйрығы

Азиада нысанында болған оқиғалар мен төтенше жағдайлар ақпаратын беру бойынша ҚР ТЖМ «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ жедел кезекшілік кезегінің әрекеті жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 306 Бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы Төтенше жағдайлар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесі туралы» 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысына сәйкес Азиада нысанында болған оқиғалар мен төтенше жағдайлар туралы ақпараттармен өз уақытында қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Азиада нысанында болған оқиғалар мен төтенше жағдайлар туралы ақпараттарды беру жөніндегі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ жедел кезекшілік кезегі ұсынған нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ осы істің жүзеге асуын және Азиада нысанында болған оқиғалар мен төтенше жағдайлар туралы ақпараттарды ұсынумен қамтамасыз етсін.

3. Алматы облысының, Астана, Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттер басшылары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ-не 1 қосымшаға сәйкес ақпараттар беріп отыруға толық шара қолдансын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

В. Божко

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

2010 жылғы 13 қыркүйектегі

№ 306 бұйрығымен бекітілген

 

 

Азияда нысанында болған оқиғалар мен төтенше жағдайлар туралы ақпараттар алуда

ҚР ТЖМ «РДО» ММ жедел кезекшілік кезегінің әрекеті жөніндегі

нұсқаулық

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.