«Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 55 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2010 жылғы № 6 бюллетенінде жарияланған, 376-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штататтары мен штат нормативтерінде:
§ 8 мынадай редакцияда жазылсын:
«§ 8. Трансфузиология бөлімшесінің (кабинетінің) штат нормативтері
80. Персоналдың лауазымы осы Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне 4-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдарда жүзеге асырылатын жылдық қан компоненттерінің транзфузиясы (құю) мөлшерінен белгіленеді.
81. Трансфузиология бөлімшесі (кабинеті) қан компоненттерін пайдаланатын барлық медициналық ұйымдарда ұйымдастырылады.
81-1. Трансфузиология бөлімшесі (кабинетінің) штат бірлігінің саны қан және оның компоненттеріне аутологиялық дайындауды енгізу және ренфузия жүргізу есебінен ұлғаюы мүмкін. Аутоқанның және оның компоненттерінің бір жыл ішінде дайындалған әрбір 100 дозасына қосымша 1 трансфузиолог-дәрігер, мейірбике, кіші медицина қызметкер лауазымы енгізіледі.»;
544-тармақ мынадай редакцияла жазылсын: