«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 265 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 213 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің; арнайы және мамандандырылған білім берудің; балаларға арналған қосымша білім берудің; спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім берудің; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтикалық білім беруді қоспағанда) оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.