«Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қосымша білім берудің мемлекеттік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 788 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 93 бұйрығы (күші жойылды)

«Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қосымша білім берудің мемлекеттік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 788 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 93 бұйрығы

 

Осы қаулы 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылды

 

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қосымша білім берудің мемлекеттік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 788 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 58-қосымшада:

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша қосымша білім алатын тұлғаларға қойылатын талаптар деген 6-бөлімде:

6.1 - тармақта «Акушерия ісі» деген сөздерден кейін «фельдшер лауазымында 10 жылдан кем емес еңбек өтілі бар «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Санитариялық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша қосымша білім беру бағдарламасының құрылымына қойылатын талаптар деген 7-бөлімде:

7.3-тармақтың 1) тармақшасындағы «540/10» деген сандардан кейін «, 648/12» деген сандармен толықтырылсын;

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша қайта даярлау циклдарының үлгілік оқу жоспары деген 1-кесте осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

көрсетілген бұйрыққа 63-қосымшада:

«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қосымша білім алатын тұлғаларға қойылатын талаптар деген 6-бөлімде:

6.1-тармақта «Акушерия ісі» деген сөздерден кейін «Мейірбике ісі лауазымында 10 жылдан кем емес еңбек өтілі бар «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Санитариялық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері», мамандықтары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.