Мадақтаулардың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулықтарды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 175-ОД бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 20 маусымындағы Жер кодексінің 14-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мадақтаулардың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы аталған бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге бағыттасын.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Геодезия, картография және геодезиялық бақылау, Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменттері осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелгенінен кейiн ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары Б.Ә. Нақыпбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан бір күннен кейiн қолданысқа енгізіледі.