«Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 309 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 2012 жылғы 11 наурыздағы

№ 309 Қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) құралдарын (бұдан әрі - көлік құралдары) күтіп-ұстау мен пайдалануға, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Пайдалануға беру кезінде көлік құралына осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.

3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) автомобиль көлік құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) - құрамы автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнайы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын автомобиль көлігінің жылжымалы құрам бірлігі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.