2012 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 242 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 22 қаңтардағы № 226 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2012 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«2012 жыл» деген бағанда:
I. «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар» деген бөлімде:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» деген функционалдық топта:
«Өзбекстан Республикасында Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң ғимараттар кешенiн салу 462 720» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы әкімшімен толықтырылсын:
«