Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағаның міндетін атқарушының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына және 40-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымына жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Б.И. Досмұхамбетоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.