«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 143 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
4 «Іргелі ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 202, 212, 213 және 215 бюджеттік бағдарламалар әкімшісілерімен толықтырылсын:
«202 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету
212 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету
213 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету
215 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;