(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2008.30.12 № 629 БҰЙРЫҒЫ

Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығы

 

Осы редакция 2012 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабының 4-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес валюталық түсiм түсуі туралы шешімнің нысаны бекітілсін.

2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелеріне немесе екінші деңгейдегі банктерге жаңа салықтық тексеру басталған күннен кейін 5 жұмыс күні ішінде қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексерудің басталу кезіндегі жағдайы бойынша валюталық түсiмнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну туралы паспорт мәмілесінің дайындау орнына байланысты тиісті сұрау салуларды жіберуді қамтамасыз етілсін.

Сұрау салу кезінде салық төлеушінің атауы, СТН, БСН/ЖСН (олар болған жағдайда), заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелердің (бөлімшелердің, өкілдіктердің) КҰЖК коды, келісім-шарттың күні және нөмірі, мәміле паспортының күні және нөмірі, нұсқаманың тіркелген күні және нөмірі, сұрау салу кезеңі көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.