Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 Қаулысы
(2013.07.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 Қаулысымен күші жойылды
«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 15 бұйрығын қараңыз
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 386 қаулысымен
бекітілген
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу
қағидалары
1. Осы Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 89-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бала асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарды (бұдан әрі - азаматтар) есепке алуды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Азаматтарды есепке алуды ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары (бұдан әрі - орган) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.07.06. № 584 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша органға бала асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш береді, оған мынадай құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;