«Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 406 Қаулысы (күші жойылды)

Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 406 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 374 Қаулысымен күші жойылды

 

«Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 30 наурыздағы

№ 406 қаулысымен бекітілген

 

 

Жасөспірімдер үйі туралы үлгі

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталықтары) (бұдан әрi - Жасөспірімдер үйi) туралы үлгі қағидалары «Отбасы үлгiсіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 22-бабына сәйкес әзiрленді және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жасөспірімдер үйлері қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Жасөспірімдер үйi қоғамда жүріп-тұру нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған балалар ауылдары тәрбиеленушілерінің және балалар үйлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат түлектерінің (бұдан әрі - әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдар) әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету мақсатында құрылады.

3. Балалар ауылының, балалар үйiнің, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың теңгеріміндегі жатақхана немесе пәтерлер Жасөспірімдер үйiн білдіреді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.