«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 362 Қаулысы (күші жойылды)

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 362 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызмет «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңның 2 және 4-баптарына, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9 және 49-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Халықты құжаттандыру қағидаларына сәйкес көрсетіледі.»:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызмет мерзімдері:

1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған және өтініштің қабылданғаны туралы талонды алған сәтінен бастап - күнтізбелік 60 күн;

2) Қазақстан Республикасына көшіп-қону квотасына сәйкес келген шетелдіктер қажетті құжаттарды тапсырған және өтініштің қабылданғаны туралы талонды алған сәтінен бастап - күнтізбелік 10 күн;

3) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.