«Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 370 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамына:
мыналар енгізілсін:
Мақұлбеков Рауан Сарыбекұлы
| - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, хатшы |
Мұхамбетов Мирлан Бегежанұлы
| - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |