«2012 жылы Алматы қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 1/149 Қаулысы (күші жойылды)

2012 жылы Алматы қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 1/149 Қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 2/432 Қаулысымен к.ші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-4 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын жүзеге асыру аясында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Халықтың нысаналы тобына жататын азаматтарды Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (1 қосымшаға сәйкес) және/немесе Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (2 қосымшасына сәйкес) жұмыс берушілер ұйымдастыратын шарттар бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жіберетін жұмыс берушілердің тізімі бекітілсін.

2. Алматы қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) «Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» 2006 жылғы 30 желтоқсандағы № 8/1573 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 732 болып тіркелген, 2007 жылғы 27 қаңтардағы «Вечерний Алматы» газетінің № 20 (10598) санында және 2007 жылғы 10 ақпандағы «Алматы Ақшамы» газетінің № 17 (3799) санында жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.