Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 38 Қаулысы
(2023.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.26.09. № 70 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 244 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.02.11. № 197 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.26.09. № 70 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен шарттың негізінде бөлінген активтердің құрамына кіретін бөлінген активтерді және ақшаны инвестициялауды мына қаржы құралдарында жүзеге асыратынын белгілесін:
1) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға (бұдан әрі - № 54 талаптар) сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар;
2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 54 талаптарда көзделген талаптарға сәйкес келетін акциялар;