«Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 33 шешімі

Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 33 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3788 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 5 және 12 қаңтарда «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 99200894,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 5860471,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 85726,9 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4003,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 93250693,5 мың теңге;

2) шығындар - 99317841,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 1855524,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 2406929,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 551405,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 765812,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 765812,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2738282,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2738282,8 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 6-тармағы:

мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:

«24) ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіруді ұйымдастыруға және жүргізуге;

25) моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге.»;

жиырма бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

«Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады 1)-3), 5)-8), 10), 12), 16), 18), 20), 21), 23) және 24) тармақшалардан басқа).»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.