Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 435 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні - спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.