«2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 41-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 4-2 Шешімі

«2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 41-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 4-2 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 41-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1799 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 желтоқсанда № 217 «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 тармақта:

1) тармақшада:

«133 345 892» сандары «147 337 953» сандарымен ауыстырылсын;

«11 149 685» сандары «12 594 131» сандарымен ауыстырылсын;

«291 660» сандары «469 373» сандарымен ауыстырылсын;

«121 804 547» сандары «134 174 449» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшада:

«134 224 126» сандары «148 157 321» сандарымен ауыстырылсын;

3) тармақшада:

«576 070» сандары «1 024 610» сандарымен ауыстырылсын;

«1 401 448» сандары «1 849 988» сандарымен ауыстырылсын;

4) тармақшада:

«462 500» сандары «521 366» сандарымен ауыстырылсын;

5) тармақшада:

«-1 916 804» сандары «-2 365 344» сандарымен ауыстырылсын;

6) тармақшада:

«1 916 804» сандары «2 365 344» сандарымен ауыстырылсын;

4 тармақ мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

«12) моноқалаларды абаттандыру мәселелерін шешуге;

13) ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіруді ұйымдастыруға және жүргізуге.»;

5-тармақта:

1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сумен жабдықтауға және су бұру жүйелерін дамытуға;

«6) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға»;

мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде коммуналдық-инженерлік, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға және реконструкциялауға;

8) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің инженерлік инфрақұрылымды дамуына. ».

Аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.