Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 90 Қаулысы
(2016.30.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 272 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5469 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 90 қаулысымен бекітілген