Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықтың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2012 жылғы 29 ақпандағы № 116 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 134 бірлескен бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығынмен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына сәйкес, сонымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған, Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықтың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 323 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 949 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6725 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және орталық мемлекеттік органдарының 2011 жылғы № 7 актілер жинағы (таралымның шығу күні 2011 жылғы 16 қыркүйек»).
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтаудың жетекшілік ететін вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.