«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 123-НҚ бұйрығы

«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 123-НҚ бұйрығы

 

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміндегі:

реттік нөмірі 12-жолда:

«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген бағандағы «тиеу-түсіру жұмыстары» деген сөздердің алдынан «клиенттің күшімен және қаражатымен орындалатын» деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірі 14-жолда:

«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген бағандағы «жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) беру жөніндегі қызметтер» деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірі 15-жолда:

«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген бағандағы «жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) беру жөніндегі қызметтер» деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірлері 113 және 114-жолдар алынып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.