«Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 87-НҚ бұйрығы

«Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 87-НҚ бұйрығы

 

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және одан шығару ережесінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша басқармалары:

1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінен шығарылған табиғи монополиялар субъектілерін Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізу жөнінде шаралар қабылдасын;

2) табиғи монополиялар субъектілерін олардың Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінен шығарылғанын және Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің тиісті жергілікті бөліміне енгізілгенін он күн мерзім ішінде хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір шешімдерінің күші жойылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.