«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 31 шілдедегі № 261-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару ережесінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміндегі: